АҚШ Қаржы министрлігінің санкциялар тізімінде 34 ресейлік еншілес ұйым бар.
28-і «Роснефть» компаниясына, алтауы «Лукойлға» тиесілі. Олардың бақылауындағы барлық мүліктер бұғатталды.
Бір апта бұрын Британия Лукойл мен Роснефтьке санкция салған болатын. Украинаға қарсы соғыс 4 жылға ұласып жатқан тұста Ресейдің әскерді қаржыландыруын тоқтату үшін Батыс шектеуді күшейтіп жатыр.
Еуроодақ Ресейге қарсы он тоғызыншы санкциялар пакетін мақұлдады. Оған сәйкес, «Роснефть» және «Газпром» компанияларымен кез келген транзакцияға жасауға тыйым салынады және ресейлік мұнай бағасының шекті деңгейі төмендейді.