Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Францияда 1 аптаның ішінде екінші рет музей тоналды: 56 миллионның мұрасы ұрланды

18:16, 22 қазан 2025 127

Францияда Луврдан кейін тағы бір музей тоналды – ұрылардың нысанасы бұл жолы Лангр қаласындағы Дени Дидро мұражайы болды, деп Alash.kz ұлттық порталы РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Француз БАҚ-тарының мәліметінше, музейден XVIII-XIX ғасырларға тиесілі алтын және күміс монеталардың бір бөлігі ұрланған. Олардың жалпы құны шамамен 90 мың еуро (шамамен 56 млн теңге) деп бағаланып отыр.

Аталған музей француз ағартушысы, жазушы және философ Дени Дидроның өмірі мен мұрасына арналған.

Таңертең қызметкерлер ғимараттың кіреберіс есігі бұзылғанын және витриналардың сынғанын байқаған. Сол жерден коллекциядағы алтын мен күміс монеталар жоғалып кеткені анықталған.

Тергеу мәліметінше, қылмыс мұқият жоспарланған – ұрылар тек бағалы монеталарды алып, басқа экспонаттарға тимеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар