Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жоғарғы сот Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевты ақтады

09:02, 19 шілде 2022 328
[ad_1]



Қазақстанның Жоғарғы соты Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевты толық ақтап шығарған. Бұл жөнінде ҚазТАГ ақпарат агенттігі хабарлады.

Агенттік жазуына қарағанда, Жоғарғы сот бүгін 19 шілдедегі отырысында Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаев туралы Астана қалалық (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы – Ред.) сотының 2016 жылы желтоқсанда шығарған шешімінің күшін жойған.

- Судья Матаевтар толық ақталғанын айтып, олардың қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекетінен шеккен зардабын өтетуге құқығы бар екенін түсіндірді, - деп хабарлайды агенттік.

2016 жылы қазанның 3-і Астананың Есіл аудандық соты "қаржы жымқырды", "салықтан жалтарды" деген айыппен Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевты алты жылға, ал ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаевты бес жылға соттаған.

Үкім бойынша Матаевтар ақпарат және коммуникация министрлігіне - 169 миллион теңге, "Қазақтелеком" компаниясына 140 миллион теңге қайтаруы тиіс болды. Сот отырыстары кезінде Сейітқазы Матаев істің тапсырыспен жасалып отыр деп санайтынын мәлімдеген. Ол "Қазақстан журналистер одағы, Ұлттық баспасөз клубы және ҚазТАГ ақпарат агенттіктеріне тексеру арқылы қысым жасаған адам" ретінде Қазақстан парламенті мәжілісінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулинді атаған.

Парламент мәжілісінің сол кездегі төрағасы Нұрлан Нығматулин "істі саясиландырмақшы" деп Сейітқазы Матаевтың сөзін жоққа шығарған. Бас прокурордың сол кездегі орынбасары Андрей Кравченко да Матаевтардың мәлімдемесін "қорғану тәсілі" деп бағалаған.

2016 жылы желтоқсанның 9-ы Астана сотының апелляция алқасы Матаевтардың апелляциялық шағымдарын қанағаттандырудан бас тарта отырып, алдыңғы сот шешіміне болмашы өзгеріс енгізген. Әкелі-балалы Матаевтарға шыққан үкімнің мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда материалдық мүлікті басқаруға қатысты лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салу туралы бөлімі ғана өзгертіліп, ол "10 жыл" деп белгіленген. Бұдан өзге, үкімде Матаевтардың жылжымайтын мүліктері (бірнеше пәтер мен жер телімдері), оның ішінде Ұлттық баспасөз клубы мен бірнеше көліктері тәркіленетіні айтылған.

2017 жылы желтоқсанда Сейітқазы Матаев шартты жазамен бостандыққа шыққан, бірер жылдан соң ұлы Әсет Матаев та бостандық алған.

Биыл Қаңтар оқиғасынан кейін парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қызметінен кеткен.

Кеше, шілденің 18-іне Қазақстан бас прокуратурасы Тараз қаласында орналасқан, минералды тыңайтқыш шығарумен шұғылданатын "Қазфосфат" кәсіпорыны басшылығының үстінен "монополия арқылы 697 миллион теңге заңсыз пайда тапты" деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Кәсіпорынды Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхат Нығматулин басқарады.

.



[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар