Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жириновский өлмепті. Партиясы теріске шығарып отыр

09:28, 27 ақпан 2022 255
[ad_1]



Ресейдің либерал-демократиялық партиясы (ЛДПР) Владимир Жириновскийдің өлгені туралы ақпаратқа сенбеу жөнінде өз мүшелеріне хабар таратты. 75 жастағы Жириновский 2 ақпанда коронавируспен ауруханаға түскен. Бірер күн бұрын жағдайы мүшкіл деген хабар тараған, бірақ партиясы теріске шығарып отыр.

Партия мүшелеріне таратылған хабар туралы РИА "Новости" агенттігіне ЛДПР орталық аппараты жетекшісінің орынбасары Сергей Каргинов айтқан. Оның сөзінше, 13 ақпанға қараған түні белгісіз адамдар Жириновский өлді деген ақпарат таратқан. Каргиновтың сөзінше, ЛДПР Ресей Ішкі істер министрлігіне жалған ақпарат төркінін тексеру жөнінде сұрау салған.

Жириновскийдің жағдайы ауыр екенін, жасанды тыныс аппаратына қосылғанын бұған дейін бірнеше басылым хабарлаған.

Жириновский ауруханаға түскен соң бір аптадан кейін, 9 ақпанда өзі басқаратын партия оның ауруханаға түскенін де мойындамаған. 11 ақпанда ЛДПР фракциясы жетекшісінің орынбасары Василий Власов Орыс православ шіркеуінің патриархы Кириллден (Гундяев) Жириновскийдің денсаулығы үшін дұға жасауды сұраған.

Жириновский ЛДПР-ды 1989 жылдан басқарып келеді. Ол кезде партия Совет одағының либерал-демократиялық партиясы деп аталған. Ресей президенті сайлауына алты рет қатысқан, 2004 жылы ғана сырт қалған, Мемлекеттік думаның сегіз шақырылымына да сайланған.

Жириновский әр жылдары түрлі мәлімдемелері арқылы Қазақстанның аумақтық тұтастығына күмән келтіріп, Қазақстанды Ресейге қосып алу жөнінде үндеу жасаған. Осыған байланысты Қазақстан оны персона нон-грата деп жариялап, Қазақстанға кіруіне тыйым салған. Алайда Жириновский одан кейін де Қазақстанға бірнеше рет келген.



[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар