Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңаөзендік белсендіні полиция тергеген

09:36, 20 мамыр 2022 276
[ad_1]



Ереуілдер мен наразылықтар жиілеген Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында полиция "билікті сынап, видео жариялаған" белсендіні тергеген. Белсенді Бауыржан Достановтың Азаттыққа айтуынша, әуелі оны полиция басқармасына "өзге себеппен шақырған".

– Маған 19 мамырда түске қарай полиция қызметкері келіп шақырту қағазын берді. Айтуынша “мен кеше көлігіммен біреуді қағып кете жаздаппын”. Бұл жалған. Себебі менің көлігімнің жүрмей тұрғанына бір жетіден асты. Бірақ шақырған соң сағат 17-де полиция басқармасына бардым,- дейді ол.

Бауыржан Достанов өзіне полиция өкілдерінің “неге президентті, билікті, үкіметті жиі сынаған видеолар жариялайсыз?”, “полиция қызметкерлерін неге жағымсыз қылып көрсетесіз?” тәрізді сұрақтар қойғанын айтады. Ол өзін формадағы полиция өкілінен бөлек қарапайым киінген адамдардың да жауап алуға қатысқанын, олардың үстелді ұрғылап, жекіріп, өзін қорқытпақ болғанын да айтып берді.

– Мен өз ойымды айтуға құқым бар екенін, билікті сынауды доғармайтынымды айттым. “Қаңтар мен Жаңаөзен оқиғасының шындығының ашылуын талап етуді жалғастырамын, ештеңеден қорықпаймын” деп жауап бердім, - дейді ол.

Белсенді кешкі сағат бестен түнгі тоғызға дейін тергеуде болғанын айтты.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірге оқиғаға қатысты түсініктеме бермеді.

56 жастағы Бауыржан Достанов “Өзенмұнайсервис” мекемесінде машинист болып жұмыс істейді. Ол биылғы Қаңтардағы автогаз бағасының қымбаттауына қарсы он күнге созылған наразылық митингісіне де белсене қатысқан. Интернетте өзінің жеке арнасын жүргізіп, онда билік пен депутаттардың әрекетін жиі сынға алады. Соңғы видеоларының бірінде ол күштік құрылым өкілдерінің әрекетін сынаған.

Қазақстанда әлеуметтік желідегі жазбаларға билік мониторинг жасап, құқық қорғау органдары жиі іс қозғап жатады. Былтыр құрылтайшысы бұрынғы ҰҚК отставкадағы қызметкері болған “Ар-бедел” қоғамдық қоры да ондаған белсендінің үстінен шағым түсіріп” президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ар- ожданына тиді”, “қоғамда алауыздық тудырды” деп айыптап сотқа берген. Сот кейін істі қысқартқан.



[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар