Павлодар облысында 2012 жылы зорланып, кейін өлтірілген 62 жастағы әйелдің өлімі араға 14 жыл салып ашылды. Күдіктіні анықтауға ДНҚ сараптамасы көмектескен, деп жазады Alash.KZ.
ІІМ мәліметінше, 2012 жылы бау-бақша қоғамдарының бірінің аумағында әйелге қатысты ауыр қылмыс жасалған. Сол кезде қылмыскерді анықтау мүмкін болмаған. Алайда полиция қызметкерлері мен криминалистер қылмыстың іздерін зерттеуді тоқтатпаған.
Заманауи криминалистикалық әдістер мен ДНҚ есебі бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде 1964 жылы туған, бұрын сотталған ер адам күдікке ілінген.
Жүргізілген ДНҚ сараптамасы оның қылмысқа қатысы бар екенін растады. Ер адам кінәсін мойындаған. Ол ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
ІІМ қазіргі криминалистиканың мүмкіндігі жылдар бұрын ашылмаған қылмыстарды қайта қарауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Зейнеткерді зорлап өлтірген: күдікті ғылым жетістігімен анықталды
«3 алтын, 5 күміс, 2 қола»: Қазақстан садақ атудан Азия кубогын он медальмен аяқтады
11:20, 01 қараша 2026
«Осы клоунды беріңіздер! Түкіргенім бар…»: Данияр Елеусінов тосын мәлімдеме жасады
22:27, 31 қазан 2026
«Әділдік орнайды»: Айдос Сарым байлардың салықты көп төлеуіне қатысты пікір білдірді
18:31, 31 қазан 2026
«Сот ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген»: Оқиға туралы күтпеген дерек шықты
17:32, 31 қазан 2026
«Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет» – Тоқаев
12:56, 31 қазан 2026
«Қандай жұмысқа тартылды?»: Перизат Қайраттың колониядағы өмірі туралы белгілі болды
10:48, 31 қазан 2026