Венесуэланың бас прокуроры Тарек Уильям Сааб АҚШ билігінен президент Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті ешқандай шартсыз босатып, елге қайтаруды талап етті, деп жазады Alash.KZ.
Венесуэланың әскери қолбасшылығының мәліметінше, АҚШ жүргізген әскери операция барысында елдің қауіпсіздік қызметінің кемінде 24 қызметкері қаза тапқан.
Бұған дейін Куба Венесуэлада болған 32 кубалық әскери мен полиция қызметкерінің қаза тапқанын хабарлаған. Осылайша, ресми деректер бойынша құрбандар саны кемінде 56 адамға жетті.
Қаза тапқан әскерилердің құрметіне Венесуэлада 7 күндік аза тұту жарияланды. Бұл туралы уақытша президент Делси Родригес ресми мәлімдеді.
Аза тұту туралы шешім Николас Мадуроны қорғау кезінде қаза тапқан адамдарға байланысты қабылданған.
Венесуэла билігінің мәліметінше, оқиға кезінде қауіпсіздік құрылымдарының өкілдері қаза болған.