Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үш сарбаз азаптап, жіппен байлап, қорлап өлтірген: Әскери қызметкердің өлімі туралы адам шошырлық дерек шықты

21:06, 20 мамыр 2025 931

Жаркентте жұмысында жүріп қайтыс болған 26 жастағы әскери қызметші Дархан Нұрланұлының  туған қарындасы Тоғжан Нұрланқызы  марқұмның азапты өлімі жайлы жан шошырлық деректер келтірді, деп хабарлайды ALASH.KZ KYN.kz сайтына сілтеп.

Сөзінше,  Отардағы әскери бөлімнен ауысып келгеніне екі ай болған Дарханға өз әріптестері қастандық жасаған.

Алғашында капитан шеніндегі Дархан жаттығу кезінде қайтыс болды деген ресми ақпарат болды. Бірақ, туыстары марқұмның азапталып өлтірілгеніне күдік барын айтқан. Артынша оның рас екенін дәлелдеп, кінәлілерді іздеу басталды. Ал қазір қарындасы Тоғжан Дарханның өлімі бойынша жауапқа тартылып жатқандар саны аз, ол жерде пәрмен бере алатын, лауазымды адамдар істен тысқары қалуда, көпшілігі куә статусында деп ашынды.

"Капитан Дәулет кезекшілікке түскен офицер болды. Ол бөлімді тексеріп өткеннен кейін, түнгі 11:30-да  арнайы беттерін бүркеп, үстілеріне спорттық киім киген үш сарбаз келеді. Олар Дарханның аяқ-қолын байлап,өзінің былғары қолғабын көмейіне дейін тығып, сыртынан спорт киімнің жібімен байлаған. Сосын оны, сол полктің спорт қалашығындағы бір шұңқырға апарып тастап кеткен.

Оны сол күні Дархан патрульді көмекке шақырған. Енді соның біреуі жоқ. Патруль қайда ақпаратты білетін, әр бөлімнің басшылары қайда? Жарайды кезекшілікте жүріп жоқ болып кеткен әскериді әріптестері неге іздемеген? Бірден айтатын жайт, Дархан сарбаздарды өшіктірді деуге негіз жоқ. Өйткені ол сарбаздармен тікелей жұмыс істемеген. Ол Отардан ауысып келді.

Сол жақта сарбаздармен тікелей жұмыс істеген. Мына ұсталған үш сарбаз майордың бұйрығын орындағанын айтуда. Оның бұйрығы еш жерде тіркелмеген. Алғашында ресми ақпарат Дарханды жаттығу кезінде мерт болды деді. Әкімдікті шулатқаннан кейін барып осы мәліметтер шықты. Қазір біз бұл нұсқаның артында тағы біраз адам барына көзіміз жетіп отыр. Бірақ, олар себебі белгісіз жағдайда сытылып отыр. Осы ретте, Президент пен Ішкі істер министрінен осы істің дұрыс қаралуын, кінәлілер қатаң жазалануын бақылауларыңызға алуларыңызды сұраймын",-дейді марқұмның қарындасыТоғжан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар