Әлеуметтік желіде көп әйел алуды насихаттаған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Әлеуметтік желіде көп әйел алуды қалыпты өмір салты ретінде насихаттаған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицияның мәліметінше, заң бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Тексеру нәтижесінде ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Оған 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Тәртіп сақшылары жүргізген профилактикалық әңгімеден кейін азамат көп әйел алуды насихаттаған жарияланымдарын өз еркімен өшірген.