Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украина астығын тиеген кеме Түркияда ұсталғаны туралы хабар тарады

02:53, 04 шілде 2022 258
[ad_1]



Украина астығын ұрлап әкетіп бара жатқан Ресей кемесі Түркияда тоқтатылған. Бұл жөнінде Украинаның Түркиядағы елшісі Василий Боднар хабарлағанын Routers жариялады.


Украина дипломатының сөзінше, қазір жағдайды анықтау үшін Украина Түркия кеден органдарымен жұмыс істеп жатыр. Кеменің тағдыры дүйсенбі күні шешіледі.


Reuters кеме тоқтаған порт пен кеменің атауын атамаған.


Түркияда Ресейдің туын тігіп, астық артқан "Жібек жолы"кемесі тұрғаны белгілі. 1 шілдеде қазақстандық "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы (оған еншілес KTZ Express компаниясына "Жібек жолы" кемесі тиесілі) жеті тоннаға дейін жүк таси алатын кеме былтыр Ресейдің "Грин-Лайн" компаниясына бербоут-чартер келісімі бойынша берілгенін және эстониялық Mangelbert OU компаниясымен жасалған келісім бойынша астық тасығанын мәлімдеген.


Ресеймен соғысқа байланысты Украинаның Қара теңіз портында шетел нарығына арналған миллиондаған тонна астық жиналып қалған. БҰҰ бұл астық порттан шығарылмаса, Африка, Азия мен Тауя Шығыстың кедей елдерінде аштық болуы мүмкін деп отыр.


30 маусымда Ресей басып алған Бердянск портынан астық артқан алғаш кеме шыққан. Ресей тағайындаған жергілікті билік өкілдері оның "Ресеймен дос елдерге" баратынын айтқан.


Украина билігінің мәліметіне қарағанда, Ресей басып кіргелі Украина жерінен кемі 400 мың тонна астық ұрланған. Ресей астық ұрладым деп есептемейді.






[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар