Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түсінде “пайғамдарды” көрген ару хиджабын шешті: Мұсылман еркектер маза бермеді

17:04, 07 маусым 2024 5029

ТикТок әлеуметтік желісінде хиджабыү шешкен қыз көптің ашуына тиді,деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

ТикТоктың тікелей эфирінде хиджабын шешіп шыққан Назерке  осы күнге дейін мұсылман еркектері тарапынан көрген қорлықтарын жасырмай айтып, жылап қалды.

“Хиджабты шешуге мәжбүр болдым. Халал деген жерлерде жұмыс істедім. Мұсылман еркектер “төсектес болайық” деп маза бермеді.

Сіздер білмейсіздер, намаз оқып жүрген қаншама оңбаған еркектің барын” деген ол ҰҚК қызметкерлеріне арнайы алғысын білдірді. “КНБ-нің адамдары жаман дейді. Олай емес. Маған “қазағымның қызы” деп жәрдем берген сол КНБ-ның адамдары. Оларға алғысым шексіз! Олар көмектеспегенде, қазір не боларын кім білсін” деді.

“Мен әркімнің тулағындай иленбей, таза өмір сүру үшін, балаларымның жүзі төмен болмауы үшін осы қадамға бардым. Иманым да, дінім де -жүрегімде. Мен намысын таптатпаған қазақтың қызымын. Осыны біліңіздер! Ешкімнің иманы сыртқы киімімен өлшенбейді” деген ол әйел ретінде өзн басқалардың түсінуін өтінді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар