Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Туризм министрі Бурабайдағы қонақүй әйеліне тән екенін айтты

18:47, 14 мамыр 2024 410

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Бурабайда әйелінің қонақүйлері барын мойындады. Министр өз лауазымы әйелінің бизнесіне ықпалы болмайды деп есептейді, деп хабарлайды alash.kz.

Маржықпаев не дейді

Үкіметтің баспасөз орталығында журналистер министрден туған-туыстарының бизнесі жайлы сұрақ қойған. Бұл сауал Маржықпаевқа бұрын да қойылған еді.

– Бұған дейін менің ол жайлы айтқаным бар. Мемлекеттік қызметке келген 2008 жылға дейін біз бизнеспен айналысқанбыз. Ол кәсіпорынға биыл 30 жыл болады. Мен мемлекеттік қызметке келгенге дейін ол кәсіп орны дамыды, – деді ол.

Журналистер министрден бұл тұрғыда мүдделер қақтығысы болмай ма деп сұраған. 

– Ол жақтағы шағын отельдер мен министрдің жұмысында қандай мүдделер қайшылығы болуы мүмкін. Оны қалай елестетесіз. Қалайша? Мен олай есептемеймін, – дейді Маржықпаев.

Әйелінің бизнесі жайлы

Әңгіме бұл жерде “Береке-Бурабай” қонақүйлер желісі жайлы болып отыр деп жазады Ulysmedia.kz.

"Береке" санаторий-курорттық кешенінің үлкен аумағы көркем экологиялық курорттық аймақта орналасқан. Басқа қалалардан келушілерге теміржол вокзалынан "Береке" санаторийіне дейін автомобиль жолы бар. Қонақ үйдің жарнамасында жайлы бөлмелер, жайлы интерьер және қызметкерлердің сапалы қызметі жайлы жазылады. Онда бірегей емдік қасиеттері бар минералды суда ғана жұмыс істейтін су емханасының қызметтері бары да айтылады.

Бұған дейін де сұрақ қойылған

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев "туризм саласында туыстарыңыз жұмыс істей ме?" деген сұраққа жауап берген еді. 

Еске сала кетейік, бір жыл бұрын Ақмола облысы әкімі кезінде журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында Ермек Маржықпаев туыстарының атында жер барын, олар шаруашылықпен айналысатынын айтқан еді. Сол сұхбатында Маржықпаев әйелі де бизнеспен айналысатынын мәлім еткен. “Агробизнес те бар” деген еді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар