Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тұрлыхановтың ұлы айыппұлмен құтылмайтын сияқты

10:21, 12 сәуір 2024 451

Мәжіліс депутаты Тұрлыхановтың ұлы Болат Нұрасылдың ісі бойынша жоғарғы соттың сот алқасы сот актісін қайта қарауға негіз тапты. 

“Маңызды кезең өткерілді. Біз сотты күтіп, әділ жаза беріледі деп үміттенеміз. Еске сала кетейін, ол – осы бап бойынша айыппұл арқалаған жалғыз адам. Тіпті ең төменгі деңгейден аз. 500 АЕК ғана. Бұзақылық ниетпен екі адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген адамға 1,7 миллион теңге айыппұл салынбауы керек! Елімізде адам өмірі мен денсаулығына қол сұғылмау керек”, – деді адвокат Анна Чернова.

Оның айтуынша, Бас прокуратура наразылық білдіруге асығар емес.

“Біз сияқты қарапайым халық пен беделді мемлекеттік қызметкер-депутаттың баласы арасындағы біздің іс, менің ойымша, әлеуметтік теңдік орнатудың бастапқы нүктесі болуы керек. Рақымшылыққа ілінген экс-министрдің Салтанаттың өлімімен аяқталған оқиғасы қайталанбауы керек. Жазасыздық жаңа қылмыстарға әкелуі мүмкін”, – дейді заңгер.

Айта кетсек, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді. Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-ның 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін депутат ұлының жасаған іс-әрекетіне қатысты пікір білдірген еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар