Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркия Ресейге санкция салмайды, өйткені оның зардабы Ресейден гөрі өзіне көбірек тиеді

05:48, 27 маусым 2022 162
[ad_1]



Түркия Ресейге санкция салса, оның зияны Ресейден гөрі Түркияға көбірек тиеді. Бұл жөнінде түрік президентінің өкілі Ибраһим Калын мәлімдеді.


Анкара өзінің мүддесін қорғайды, сол себепті Батыс елдерінің Ресейге салған санкциясына қосылған жоқ. Калынның сөзінше, бұл ұстанымды Батыс та түсінген.


Анкара өкілі Түркияның шетел энергия көздеріне тәуелді екенін, сондықтан "Ресеймен де, Иранмен де қатынасын дамыта беретінін" атап өтті.


Украинаға әскер кіргізіп, соғыс бастаған Ресейге Батыс алты пакет санкция салған.


Алдағы күндері Ресейден алтын импорттауға да тыйым салынуы мүмкін. Британия премьер-министрі Борис Джонсон сөзінше, бұл шара - кейінгі кездері активтерін алтынға ауыстыра бастаған Ресей олигархтарына және "путиндік соғыс мәшинесіне" соққы болады.







[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар