Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістан облысында 12 жастағы оқушыны сыныптасы қылғындырып өлтірген

11:44, 29 мамыр 2025 624
 

Жантүршігерлік оқиға Түркістан облысында болған, деп жазады Alash.KZ.

Марқұм оқушы Ұлағат Сайдулланың анасы әділдік іздейді. Әйелдің айтуынша, қайғылы жағдай мектеп ішінде, сабақ үстінде болған. Қараусыз қалған оқушылар телефонға таласып, соңында бірі екіншісін қылқындырған көрінеді.

Шарасыз күйге түскен баланы әуелі сыныптастары су шашып құтқармақ болған. Алайда мұғалімдер жетемін дегенше Ұлағат жан тапсырыпты.

Қайғыдан қан жұтқан Гүлмира Көшеева кенжесін үш ай бұрын жер қойнына тапсырды. 7 ақпанда ұлын сабаққа алаңсыз жіберген оны бірер сағаттан кейін мұғалімдер шақырып алған екен. Келгенде сынып ішінде қимылсыз жатқан ұлын көреді. Сөйтіп, перзентін ауруханаға алып барыпты. Алайда 12 жастағы Ұлағаттың демі мектепте үзілген екен.

"Қасындағы бала телефон алып барған. Бұл алып қашқан. Арқасынан қуалап келген де партада отырган кезде буындырған ғой. Ұзақ буындырып, ұстап тұрған. Кейін бала жерге кұлағанда ешкім келмеген ғой. Мұғалім сабақта болмаған. Оқушылар жүгіріп барып медбикені де шақырып келмеген. Өздері сол жерде су шашып, білгендерін істей берген ғой", – дейді баланың анасы Гүлмира Көшеева.

Әйелдің айтуынша, мектеп директорының орынбасары болып жұмыс істейтін пән мұғалімі оқушылардың қасында емес өз кабинетінде отырған. Сынып жетекшісі мектепте болмаған. Ал кезекші мұғалім айғай-шуды көре тұра есікті тарс жауып кеткен көрінеді.

"Есікті ашып қараса, ішінде балалар “Айна апай, Ұлағат құлап қалды, талып қалды” деген екен. Есікті қайтып жауып кеткен ғой. Сол уағында кірсе мұндай жағдай болмас еді. Мұғалімдер маған айтпаған сөзі қалмады. Баланың жүрегі ауру, анау-мынау, эпилепсия деп те айтты. Кейін медициналық сарапшының қағазы шықты. Баланың дені сау. Тап-таза, еш жерінде ешқандай ауру жоқ деп шықты. Өлім себебі буындырған. Қатты ұстап тұрып, тілін жұтып қойған деген шешім шығады", – дейді Түркістан облысының тұрғыны Гүлмира Көшеева.

Оқиғадан соң директордан бастап, оның орынбасары мен тағы 4 мұғалім жұмысымен қоштасыпты. Алайда көп ұзамай қызметтеріне оралу үшін еңбек инпекциясына арыз қалдырған.

"Еңбекті қорғау инспекциясы сондай нұсқама берген. Соның заңдылығын анықтау бойынша білім бөліміне бергенбіз нұсқаманы. Нұсқамасы бойынша бұйрықтағы баптар дұрыс қойылмаған. Одан кейін жаңағыдай ұсыныстарын жазып кеткені сол", – дейді А.Оразбаева атындағы мектептің директоры Өмірсерік Кенжеев.

Stan.kz сайтының жазуынша,оқиға бойынша Түркістан облысының полиция департаментінен әзірге жауап жоқ. Белгілісі сыныптасының өліміне себеп деген оқушының ата-анасына айыппұл салынған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар