Түркияда 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады, деп жазды Alash.kz.
2026 жылғы 1 қарашадан бастап Түркияда 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі платформалары қызмет көрсете алмайды. Жаңа талап елдің ресми басылымы Resmî Gazete-де жарияланған ережеде бекітілген.
Пайдаланушылардың жасы тіркелу кезінде мемлекеттік e-Devlet порталы арқылы тексеріледі. Ал 15–17 жастағы жасөспірімдердің аккаунттары жабық болады. Олар тек өздері жазылған қолданушылардан хабарлама ала алады. Сондай-ақ тікелей эфир жүргізуге және жекелендірілген жарнама көрсетуге тыйым салынады.
Ата-аналарға балаларының аккаунт баптауларын бақылау, экран алдында өткізетін уақытын шектеу және ақылы операцияларды басқару құралдары ұсынылады.
Қолданыстағы аккаунттардың иелері де жасын растауы тиіс. Бұл рәсім 2027 жылғы 31 наурызға дейін аяқталуы керек. Жасы 15-ке толмаған пайдаланушылардың аккаунттары жабылады.