Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоталитарлық билік жазушылар қауымын қай жақтан жел соқса, соған жапырылатын қауымға айналдырып жіберді - Дос Көшім,

12:42, 17 мамыр 2024 536

Қазақ халқы алдағы 10-15 жылда ұлттық болмыстан айырылып қалу қаупі бар. Бұл туралы саясаткер Дос Көшім айтты, - деп жазады alash.kz.

Дос Көшімнің сөзінше, ұлттық болмысынан айырылып қалған елдер де болған.  

«Қазақтарға да осы келеді. Батыс Қазақстан облысында менің қайын жұртым тұрады, балдызымның аты Свет, Светлана деп жазылған. Ол ауылда Катя бар, Саша бар. Егер тәуелсіздігімізді 20 жылдан кейін алған болсақ, ауылдарда 80 пайыз орысша атаулар кіреді. Қазақша мектептер жабылып жатқанын да білеміз. Бұл мәселе әрі қарай жылжи берсе, ұлт жоғалып кететін жағдайға жетеміз.

Тәуелсіздік алғаннан кейін осының бәрін қалыпқа келтірудің орнына, орыстық деңгейді ұстап қалдық, енді оған батыстық мәдениет келе бастады. Жаңа жылды тойлауды былай қойғанда кейбір мектептер асқабақ күнін тойлауды бастады. Француздардан келген Әулие Валентин күні бір-біріне хат жазып, махаббатты айтып, ол кіріп келе жатыр. Сондықтан ұлттың жоғалып кету қаупі әлі де бар. Бізді сақтап отырған бір нәрсе – демография», - дейді Dalanews.kz Дос Көшімнің BAIMEDIA ютуб арнасына берген сұхбатына сілтеме жасап.

Саясаткердің сөзінше, екінші кемшілік – ұлтты алға бастайтын, ұлттық мәселені жалау етіп жүретін зиялы қауым.

«Маған ренжімесін, біз  1990-жылдары оларды көрмедік. Олар билік не айтса, соған жығылатынға айналып кетті. Билік ұлтшылдық бағыттағы адамдарды атып, соттап жеңе алмайтынын түсінді. Сөйтіп оларға екінші тәсілді қолданды: оларға жазушылар одағын жасап берді, шығармашылық үйін салып берді, кітаптарын 100 мың тиражбен шығаратын болды.

Содан кейін өлеңдер шыға бастады. Қысқасы тоталитарлық билік ұлттың зиялы қауымының бәрін қай жақтан жел соқса, соған жапырылатын қауымға айналдырып жіберді», - дейді Дос Көшім.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар