Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы финалдық бәсекеде ел құрамасы 5:4 есебімен жеңіп шықты.
qaz.ulysmedia.kz-тің мәлімдеуінше, бірінші таймның соңына 6 минут қалғанда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасы алға шыққан. Осыдан кейін жанжал басталып кетті. Спортшылар бірін-бірі қамшымен ұрды. Кейін полиция келіп, оларды ажыратты.
Caravan.kz ақпаратынша, желіде қырғыз жанкүйерлері қазақ көкпаршыларын балағаттауда.
«Жеңіс емес, масқара болдыңдар. Жеңісті спортшылар емес, төрешілер алып берді», «Қазақтарда намыс жоқ екен, масқара», «Төреші мүлде қарамады, масқара. Бұл жеіс емес», «Бұдан былай көкпар ойнамаңдар, масқара», «Қырғыздарға мұндай жеңіс керек емес. Қазақтар егер, еркекпіз, қазақпыз десе бұлай жасамайтын еді», «Төрешіге шапан жауып, көлік мінгізіп қойған ғой», «Тіпті ұялғаннан видеоны өшіріп тастапты», «Біздің де күніміз туар», — деп жазды олар.