Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Төреші басқа елден болады": қырғыз көкбөрішілері қазақтардан қарымта қайтаруға шындап кірісті

14:39, 16 қыркүйек 2024 2250

Қырғызстан көк бөрі федерациясының өкілдері Қазақстанға 1 қарашада Ыстықкөл жағасында көкпар мен көк бөріден "Келісім кубогын" өткізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Alash.KZ Ulyssport.kz сайтына сілтеп.

 «Шақыру хат»

Sputnik Қырғызстан агенттігінің Telegram-арнасы жазғандай, бүгін, 16 қыркүйекте Қазақстан көкпар федерациясына шақыру хат жіберілген.

Біз 1 қарашада сол баяғы құраммен көк бөрі мен көкпар ойнауды ұсынамыз. Бұл спорт, ойын екі халық арасында алауыздық тудырмауы керек. Біз халықтарымыздың келісімі үшін жеке амбициялардан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады, - деді Көк бөрі федерациясының басшысы Рамис Жүнісалиев баспасөз мәслихатында.

Ал Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының мамандары шақыртуды алғанын айтты.
"Шақырту хат енді келді. Шақыртуға барамыз немесе бармаймыз деп үзілді-кесілді кесіп айтуға ерте. Көкпарға шабатын жылқылардың жағдайын, көкпаршылардың жағдайын біліп алу керек, оларға реабилитация керек пе, жоқ па? Жалпы, қырғыз ағайындарға ресми жауап беріледі", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы мамандары.

Еске салайық, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының финалында кездесіп, ойында екі құраманың спортшылары арасында жанжал туған. Қырғызстан көкпардан финалдағы Қазақстанның жеңісіне наразылық білдірген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар