Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Той қашан?»: Димаш Құдайберген алғаш рет жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

17:41, 09 сәуір 2026

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген жеке өмірі мен болашақ жарына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Журналистердің «Той қашан?» деген сұрағына әнші былай дер жауап берді:

«Қазақстанға келгенде паспорт тексерудегі аға-әпкелерімізден бастап, «Димашжан, қашан үйленесіңнен» басталады әңгіме. Күтіп алушы, жүргізушілер де сол сұрақты қояды. Үйге келемін. Таңғы ас ішкенде, түскі ас ішкенде, кешкі ас ішкенде үйдегілер қояды. Содан достарым сұрайды. Әрине, әр нәрсенің өз уақыты бар. Ең бастысы, таңдауыма өте тиянақты қарау керек деп ойлаймын. Өйткені, қазір қатты сезімге беріліп, қыз баласының тағдырын ойрандаудан да қорқамын. Қыздарымыздың қадірін қастерлегендіктен бе? Бұл тақырыпқа кішкене басқаша қараймын… Үйленгеннен кейін соңына дейін сол кісімен бір жастықта қартаюды армандап, соған бақыт тауып беру керек деп ойлаймын. Бәріміздің қарындасымыз бар».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар