Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

TikTok Индияға тыйым салынды, не өзгерді?

15:32, 03 мамыр 2024 511

200 миллион пайдаланушысы бар TikTok-ты Үндістанда тоқтату мүмкін еместей болып көрінген. Бәрі де мүмкін екен деп хабарлайды alash.kz. TikTok бұл елде ең танымал қолданбалардың бірі болған. Бірақ оған 2020 жылы тыйым салынды. Бұдан кейін ол елде не болды?

Төрт жыл бұрын Үндістан TikTok-тың ең үлкен нарығы болды. Қолданба 200 миллион пайдаланушысы бар базасын, дамып келе жатқан субмәдениеттерді және контент жасаушылар мен оны қолданушылардың өмірлерін өзгертетін мүмкіндіктерді мақтан етті. Осы кезде үндістандық 20 сарбаздың өліміне әкелген Үндістан мен Қытай арасындағы шекарадағы қақтығыстар басталды.

2020 жылдың 29 маусымындағы шекарадағы қақтығыстан кейін Үндістан үкіметі қолданбаға бірден тыйым салды. Бір түнде TikTok жоқ болып кетті. Бірақ үнділік TikTok тіркелгілері мен бейнелері әлі де онлайн режимінде қолжетімді. Үндістандықтардың мәдени өмірін өзгерте бастаған алпауыт ары қарай дамымай қатып қалды.

 

Үндістандағы оқиғаларды талдау арқылы АҚШ-та жақын жылдары TikTok-тың тағдыры қалай болатынын болжауға болады. 24 сәуірде президент Джо Байден TikTok-қа тыйым салатын заң жобасына қол қойды. Заң TikTok-қа иелік ететін Bytedance-тен өз үлесін келесі жалпы 12 айдың ішінде басқа инвесторларға сатуды талап етеді, әйтпесе елде қолданбаға тыйым салынатын болады. Қытайлық Bytedance болса әлеуметтік медиа платформасын сатуға ниеті жоқ екенін және сотқа шағымданатынын жариялады.

Бұған дейін 200 миллион пайдаланушысы бар TikTok-ты Үндістанда тоқтату мүмкін еместей болып көрінген. Бәрі де мүмкін екен. Бүгін де АҚШ-та салынатын тыйымның салдары қоғамдағы тұрақтылыққа тым қауіпті болмауы мүмкін.

Әлеуметтік медиа қолданбаға тыйым салу америкалық технология тарихында бұрын-соңды болмаған алғашқы оқиға. Фото istockphoto.com сайтынан алынды. Авторы: Jacus

Жаппай әлеуметтік медиа қолданбаға тыйым салу америкалық технология тарихында бұрын-соңды болмаған алғашқы оқиға болмақшы. Америкалық қоғамда бұл мәселе бойынша қызу пікірталастар болып жатыр. Бірақ Үндістанның тәжірибесі TikTok-ты өз азаматтарының смартфондарынан өшіргенде не болатынын көрсетеді. Үндістан бұл қадамға барған жалғыз ел емес.

Непал 2023 жылдың қарашасында TikTok-қа тыйым салу туралы шешім қабылдаған, ал Пәкістан 2020 жылдан бастап бірқатар уақытша тыйымдар енгізді.

Қолданбаның АҚШ-тағы 150 миллион пайдаланушысы видео платформаны қолданып жатқанымен, TikTok-тың Үндістандағы тыйымының тарихы пайдаланушылардың тез бейімделетінін, сонымен қатар TikTok өлген кезде оның мәдениетінің көп бөлігі бірге өлетінін көрсетеді. Яғни, қалай жеңіл енсе, аудитория оны солай жеңіл ұмытады.

TikTok өте үлкен болды. Үндістанның түкпір-түкпірінен адамдар жиналып би биледі, сахналық қойылымдар қойды, шағын қалашықтарда үй шаруашылығын қалай жүргізетіні туралы жазды.

Мумбайда тұратын киносыншы Сучарита Тяги TikTok жабылғаннан кейін өзінің басқа аккаунтын 11 000 жазылушыға дейін өсірген, оның кейбір видеолары миллиондаған қаралымға ие болған.

«TikTok өте үлкен болды. Елдің түкпір-түкпірінен адамдар жиналды, би биледі, сахналық қойылымдар қойды, шағын қалашықтарда үй шаруашылығын қалай жүргізетіні туралы жазды», – дейді Тяги.

Қолданба Үндістанда ерекше құбылысқа айналған, себебі оның алгоритмі басқа қолданбаларда мүмкін емес аудиторияны тауып, тіпті қарапайым үндістандықтардың бүкіл елге атағы  шығып жатты.

АҚШ-та TikTok осындай мәдени маңызға ие, мұнда төменгі әлеуметтік сатыда тұрған қауымдастықтар мен белгісіз жандар, кіші кәсіпорындар өздерінің өмірлерін қолданбада суреттеп табыс табуға болатынын түсінді. Бұл басқа әлеуметтік медиа платформалармен салыстырғанда ұтымды табыс түрі болды.

Мысалы, Instagram жазылушылары көп аккаунттардағы контентті тұтынуға көбірек көңіл бөлсе, TikTok жарияланымды тұрақты қолданатындарды ынталандыруға басымдық береді.

Үндістанда TikTok өшірілген кезде, үкімет онымен бірге тағы 58 қытай қолданбасына бірден тыйым салды. Соның ішінде бүгінде АҚШ-та танымалдығы артып келе жатқан Shein сән дүкеніне арналған қолданбаға тыйым салды. Жылдар өте келе, Үндістан тағы жүзден астам қытайлық қолданбаларға тыйым салды. Дегенмен ұзақ келіссөздерден кейін жақында Shein-нің үнділік нұсқасы желіге қайтарылды.

 

Дәл осындай жағдай АҚШ-та да болуы мүмкін. Жаңа заң прецедент болып, АҚШ үкіметіне қытайлық басқа қолданбалардан құтылу механизмін бастап береді.

TikTok-қа қатысты саясаткерлер көтерген құпиялылық пен ұлттық қауіпсіздік мәселелері көптеген басқа компанияларға да қатысты болуы мүмкін. Ал танымал қолданба жойылғанда, басқалар оның нарықта босап қалған орнын толтыра бастайды.

«TikTok-қа тыйым салынғаннан кейін, ол басқалар үшін миллиардтаған мүмкіндіктер ашты. Көптеген үнділік стартаптар осы олқылықты толтыру үшін іске қосылды, көпшілігі өз аудиториясының ауқымын кеңейтті», – дейді үнділік технология саласын талдаушы және MediaNama жаңалықтар сайтының негізін қалаушы Никхил Пахва.

 

TikTok өшірілгеннен кейін үнділік технологиялық баспасөзде Chingari, Moj және MX Taka Tak деп аталатын жаңа үнділік әлеуметтік желілер бұрынғы TikTok жұлдыздарын өз платформаларына тартып, қосымша инвестиция мен мемлекеттік қолдау арқылы алғашқы табыстарына жете бастады.

Бұл Үндістанның әлеуметтік нарығын әртүрлі бөліктерге бөлді, өйткені жаңа қолданбалар аудитория үшін бәсекеге түсті, бірақ TikTok-тан кейінгі «алтын дүрлікпесі» қысқа уақытқа ғана созылды.

2020 жылдың тамызында Instagram TikTok-қа тыйым салынғаннан кейін бірнеше ай өткен соң, Reels деп аталатын қысқа видео арнасын іске қосты. Бір айдан кейін YouTube өзінің TikTok-қа ұқсас Shorts қолданбасын шығарды. Осы Instagram мен YouTube қолданбалары Үндістанда кең қолданысқа ие болды. Ал үнділік жаңа стартаптар олардың көлеңкесінде қалып қойды.

 

Көптеген ірі үнділік TikTok жасаушылар мен олардың жанкүйерлері көп ұзамай Meta және Google қолданбаларына ауысып, көпшілігі үлкен жетістікке жетті.

Мысалы, Гит есімді үнділік әлеуметтік желіде ықпалды тұлға «америкалық ағылшын тілін» үйретіп, өмірлік кеңестер беріп, шабыттандыратын сөздер айтып, TikTok-тың жұлдызына айналған болаты. TikTok жабылған кезде оның үш аккаунтында 10 миллион жазылушысы болды.

Төрт жылдан кейін ол Instagram және YouTube-та 5 миллионға жуық жазылушы жинады. Дегенмен сарапшылар TikTok-тан кейін үнділік «TikTok құбылысын, атмосферасын» жоғалтып алғанын айтуда.

Әлемдегі ең халқы көп мемлекетке айналған Үндістанның (1,429 млрд) қарапайым фермерлер», тас қалаушылары және шағын ауылдардың тұрғындары адамдар TikTok-қа өз өмірлері туралы видеолар жүктеп, танымал болып жатты. Бұны қазіргі YouTube Shorts және Instagram роликтерінде көре алмайсыз. TikTok-тың жұмыс істеу алгоритмі мен механизмі басқаша болған еді.

 

TikTok-қа АҚШ-та тыйым салынса, америкалық әлеуметтік желілер де Үндістандағыдай жолмен жүруі мүмкін. Тыйым салынғаннан кейін төрт жыл өткен соң, Instagram және YouTube өздерін қысқа видеолар платформасы ретінде танытты. Тіпті, LinkedIn де TikTok стиліндегі видео ағындармен тәжірибе жасай бастады.

Бірақ шын мәнінде, АҚШ-та бұл қолданбаға салынған тыйымның мәдени салдары әлдеқайда күрделі болуы мүмкін. Pew зерттеу орталығының мәліметінше, 18 бен 29 жас аралығындағы америкалықтардың үштен біріне жуығы жаңалықтарды TikTok-тан алады.

TikTok қолданушылары Үндістан халқының тек 15%-ын құраса, ал АҚШ-та 170 миллион қолданушысы бар әлеуметтік желі Америка халқының жартысынан көбін құрайды. Сондықтан Америкадағы тыйым салудың қоғамға әсер де үлкен болмақшы.

Үндістанның тыйымы бірден болды және бірнеше апта ішінде күшіне енді. TikTok -тың АҚШ билігімен күресі ұзаққа созылып, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысын өршітеді. 

Ал Үндістанның технологиялық индустриясы Қытайда іс жүзінде жоқ. АҚШ-тың көптеген технологиялық алпауыттары Қытай нарығында орналасқан. Мысалы, Apple Tesla қазірдің өзінде екі елдің арасындағы дағдарыстан зардап шегуде. TikTok-қа тыйым салу бұл мәселелерді күшейтіп жібереді. Алдымен қаржылық-экономикалық пайданы бірінші орынға қоятын АҚШ саясаты үшін Қытайдың жауабы зиянды болуы мүмкін. 

Біздің көрсеткен салыстырмалы талдаулар Қазақстанда TikTok-қа салынуы ықтимал тыйымның оң және теріс жақтарын мұқият зерттеуге, бағалауға мүмкіндік береді. Ақпарат министрлігі бұл мәселелерді жан-жақты зерттеп, мемлекет пен халықтың мүддесін қорғау тұрғысынан шешім қабылдайды деп ойлаймыз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар