Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Теміржол қызметкерлері: 159,4 млн теңге жымқырды, 7-8 жыл түрмеде отырады

12:33, 31 мамыр 2024 778

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бас директоры Б.Нахановқа, оның орынбасары А.Мұқатаеваға және менеджер Р.Сидиковқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Alash.kz.

Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңге ақшаны жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ Наханов әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде адамды жұмысқа орналастыру арқылы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Сот үкімімен Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сол үкіммен Мұқатаева мен Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар