Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Театрымыздағы ең жоғары айлық 240 мың теңгені Самал Еслямова алады - басшы

19:17, 30 мамыр 2024 869

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының  директоры Асхат Маемиров Мирас қоғамдық кеңесінің отырысында мәдениет қызметкерлерінің негізгі лауазымдық жалақысы республикамыздағы мамандықтардың ішіндегі ең төменгі жалақы екенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

«Постсоветтік елдердің ішінде  Кан халықаралық кинофестивалінің жалғыз лауреаты атанған акриса Самал Еслямова менің театрымда істейді. Оның айлығы – 240 мың теңге, онда да Кан фестивалінің лауреаты деген атағымен алып отыр, бұл - театрымыздағы ең жоғары айлық », - деді Асхат Маемиров.

Айтуынша, театрдағы техникалық қызметкерлер, сахна монтажшысы, кезекші әкімшілер 60-80 мың теңгені арасында айлық алып келген, тек қаңтар айында олардың жалақысы 119 мың теңгеге көтерілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар