Танымал эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған ой-толғамдары арқылы оқырмандарының назарын аудартты, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі өз жазбаларында жұбайлық өмір, нәзік жандылар мен ер адамдар арасындағы шынайы сезімдер мен өмірлік құндылықтар туралы сөз қозғаған. Атап айтқанда, әнші еркектердің көпшілікке жағып, көзіне түсуі мен шынайы бір ғана жанның жүрегін жаулап алуы мүлде бөлек ұғым екеніне тоқталды. Бұл ойын эстрада жұлдызы өз жазбасында мынадай сөздермен жеткізді:
— «Еркек көп әйелге ұнауы мүмкін, бірақ бір әйелдің жүрегінен орын алуы – басқа мәртебе», – деп жазды Төреғали Төреәлі.
Сонымен қатар, әнші әйел затының қоғамдағы орны мен олардың мінез-құлқын ерекше теңеу арқылы сипаттады. Ол нәзік жандылардың тылсым жұмбақ мінезін қаржы саласымен салыстыра отырып, мынадай батыл пікірін ортаға салды:
— «Әйел деген – ақшаға толы чемодан сияқты: ұстап жүрейін десең, ауыр, тастап кетейін десең, қимайсың», – деген әнші өзінің бұл тұжырымымен көпшіліктің талқысына түсті.