Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тасқын су: шығын есептелмеген ауылдар бар

17:15, 14 мамыр 2024 475

Су тартылмаған елдімекендерде комиссия өз жұмысын әлі бастамады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды alash.kz.  

"Елдімекендер мен үйлер суға кеткен аймақтардың барлық әкімдіктерінде комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Кейбір елдімекендерде су әлі кетпеген, онда комиссия жұмысы әлі басталған жоқ. Бізге шамалы күту керек. Қазір залалды анықтау жұмыстарымен әкімдіктер, баспана мәселе бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі айналысып жатыр. Сондықтан мұнда нақты бір сома туралы айту әлі ерте", - деді вице-министр. 

Айта кету керек, Премьер-Министр Олжас Бектенов тасқын салдарынан жарықсыз отырған ауылдар бар екенін айтқан болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар