Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тәшиев саясаттан кетті»: Қырғызстанда ҰҚМК-ның жаңа төрағасы болып кім тағайындалды?

14:36, 03 қыркүйек 2026

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен Мақсат Асаналиев Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің (ҰҚМК) төрағасы болып тағайындалды, деп жазады Alash.KZ.

Бұған дейін ҰҚМК басшысы қызметін Қамшыбек Ташиев атқарған. Ол ақпанда қызметінен босатылғаннан кейін комитет төрағасының міндетін Жұмғалбек Шабданбеков уақытша атқарды. Алайда маусым айының соңында Жапаров Шабданбековті де қызметінен босатты. Президент әкімшілігі оның «басқа қызметке ауысқанын» хабарлағанымен, нақты қандай лауазымға тағайындалғанын айтпады.

Ал шілдеде Қырғызстан соты ҰҚМК-ның бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиевті төрт жылға бас бостандығынан айырған. Кейін оған пробация қолданылып, қамауға алынбады.

48 жастағы Мақсат Асаналиев Ыстықкөл облысында дүниеге келген. Ол еңбек жолын 2001 жылы ҰҚМК-да тергеуші болып бастаған. 2018-2019 жылдары Бішкектің Бірінші мамыр ауданының прокуроры, кейін Ош облысының прокуроры қызметтерін атқарған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар