Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Президент кадрлық өзгеріс жасады: Жұлдыз Сүлейменова қандай қызметке тағайындалды?

12:24, 03 қыркүйек 2026

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті шешімімен ол отандық білім саласын басқару қызметін ары қарай жалғастыратын болады.

Айта кетейік, Жұлдыз Сүлейменова - белгілі мемлекеттік қайраткер және тарихшы. Ол 2021–2025 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VII және VIII сайланымдарының депутаты болып, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамында жемісті еңбек етті. Әр жылдары білім беру мен жастар саясаты саласында жауапты қызметтерді атқарып, 2025 жылғы 29 қыркүйекте Президенттің №1021 жарлығымен Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар