Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақ қыздары жылқыныкіндей ұзын шашты жақсы көреді»: шетелдіктің сөзі желіде талқыға түсті

13:57, 03 қыркүйек 2026

Әлеуметтік желіде Қазақстан туралы видео жариялап жүрген шетелдік ер адамның қазақ қыздарына қатысты айтқан пікірі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Видеоларының бірінде ол: «Қазақ қыздары жылқыныкіндей ұзын шашты жақсы көреді», – деп мәлімдеген.

Оның бұл сөзі желі қолданушыларының ашуын тудырып, пікірін екіге бөлді. Бірі әйел сұлулығын жылқымен салыстыруды қорлау, орынсыз әрі әдепсіз деп бағаласа, енді бірі бұл жайтқа бей-жай қарамай, полиция мен тиісті органдарға жүгініп, шетелдіктің сөзін заң тұрғысынан тексеруді талап етіп жатыр. Қоғам белсенділері мен қолданушылар мұндай мәлімдемелердің ұлттық ар-ұжданға немесе гендерлік әдепке қайшы келерін тексеру қажеттігін айтуда.

Екінші тарап ер адам қазақ қыздарының ұзын әрі қалың шашына таңданысын жеткізгісі келгенін, бірақ ойын сәтсіз тұжырымдағанын алға тартады. Сондай-ақ жылқының жалы да әдемілік пен күштің символы екенін айтып, арнайы қорлайтын мағына іздеудің қажеті жоқ дегендер де табылды.

Қазіргі таңда бұл мәселе әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, халық тарапынан құқықтық баға беру туралы талаптар күшейе түсуде.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар