Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова туған жері Қарқаралыға арнайы барып, желідегі парақшасында бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі бейнежазбада ауылдың тыныс-тіршілігін көрсетіп, оқырмандарын ауылға қоныс аударуға шақырды. Сондай-ақ өзі де ауылда тұрғысы келетінін айтты.
«Жайылым малға толы. Ауылымыз елге толсын. Қалаға қашпаңыздар, ауылға қайтыңыздар. Жерге ие болыңыздар. Мен де зейнетке шықтым. Ауылға келіп тұрайын деп жатырмын. Ол үшін өз қолыммен үй салғым келеді. Сиыр және бие сауа аламын», – деп жазды әнші.