Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлдана Мырзуан ісі: Қаралы оқиға болған күннің бейнежазбасы жария болды (ВИДЕО)

10:13, 03 қыркүйек 2026

Астаналық фельдшер Ұлдана Мырзуан қаза болған күні ауладағы бейнебақылау камералары ғимарат қасбетінің құлаған сәті мен оқиға орнына жеткен жедел жәрдем көлігін таспалап алған, деп хабарлайды Alash.kz.

Мертаулы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты өтіп жатқан сот процесінде қайғылы оқиға орын алған үйдің ауласындағы бейнебақылау камерасынан түсірілген жазбалар көрсетілді. Кадрлардан ғимарат қаптамасының бөлшектері ойран-топан болып құлап, айналаны қалың шаң бұлты басып кеткенін анық көруге болады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотта тек бірнеше куәгерден жауап алу ғана қалған. Соған байланысты сот алқасы іс материалдарын, соның ішінде ауладағы видеожазбаларды зерделеуге кірісті.

Түсірілім кадрларына қатысты мемлекеттік айыптаушы тарап маңызды детальдарға назар аудартты.

«Шаңның көтеріліп, сыртқы бейнебақылау камерасының көрінісін жауып тастағанын көре аламыз. Бұл – ауладан түсірілген камера», – деп нақтылады сот отырысында прокурор Саяжан Серікова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар