Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Үкіметінің басшылық құрамында бірқатар кадрлық өзгерістер жасады, деп хабарлайды Alash.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.
Сонымен бірге Мемлекет басшысының шешімімен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды.
Бұдан бөлек, Президент Жарлығына сәйкес Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып бекітілді.