Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті мен Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3-курс докторанты.
Еңбек жолын 1997 жылы «Қазақойл-коммерция» ЖШС-де мұнай өндіру саласының сарапшысы ретінде бастап, 2005 жылға дейін түрлі жекеменшік коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. Мемлекеттік қызметке араласқан соң, 2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары және бірінші орынбасары, ал 2007-2008 жылдары облыс әкімі аппаратының басшысы болды.
Әр жылдары аймақ дамуына үлес қосып, 2008-2013 жылдары Шиелі ауданының әкімі, 2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі лауазымдарын атқарды. Кейін орталық аппаратқа ауысып, 2021-2022 жылдары Үкімет кеңсесінің Өңірлік даму бөлімін басқарды. Ал 2022 жылғы 7 сәуірден бері осы уақытқа дейін Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарды. Биылғы жылдың 5 мамырында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған болатын.