Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тапсырыс берушіні білгіміз келеді". Путин Ресейдегі шабуылды Украинамен байланыстырды

13:05, 26 наурыз 2024 365

Ресей президенті Мәскеуде жасалған шабуылды Украинамен байланыстырды. Ол мұны 25 наурызда өткен жиында айтты. Путиннің сөзінше, тергеу тарабында бұл нұсқаны растайтын дәлел жоқ. 

"Бұл қылмысты радикал исламшылдар жасағанын білеміз... Бірақ оған қоса, АҚШ-тың өз серіктестері мен әлемнің басқа елдерін Мәскеудегі шабуылға Киевтің қатысы жоқ деп, қанды шабуылды Ресейде тыйым салынған ИМ ұйымының (өзін өзі "Ислам мемлекеті" деп атайтын террорлық ұйым - ред.) мүшелері жасады дегенге сендіруге тырысып жатқанын көріп отырмыз. Ресей мен оның халқына қарсы бұл зұлымдықты кім жасағанын білеміз. Біз бұған тапсырыс берген кім екенін білгіміз келеді", – деді Путин.

Ол осы шабуылды Ресеймен "Киевтегі неонацистік режимнің қолымен" соғысып жатқандардың тізбекті шабуылдарының "бір бөлігі ғана" деп сипаттады. Путин кімді меңзегенін ашып айтқан жоқ. Бұдан бұрын ол Украинадағы соғысты тұтатты деп "ұжымдық Батысты" айыптаған болатын.

Ресей басшысы қылмысқа тапсырыс берушілер туралы сұраққа жауапты тергеу беруге тиіс деп мәлімдеді. Бұған қоса Путин радикал исламистердің Ресейге шабуыл жасауға мүдделі болу себебін және оларға "күллі мұсылман үшін қасиетті Рамазан айында асқан аюандық пен қылмыс жасауға не себеп болғанын" анықтауды тапсырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар