Танымал актерлер Азат Сейітметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы, блогер әрі актриса Айым Сейітметова әлеуметтік желіде отбасылық өміріне қатысты мәлімдеме жасап, күйеуі Талғат Итаевпен ажырасуға өтініш бергенін айтты, деп жазады Alash.kz өткірсөзге сілтеме жасап.
Айтуынша, ол ажырасу туралы өтінішті ХҚКО-ның онлайн қызметі арқылы рәсімдеуге тырысқан. Алайда жүйе өтінішін үш мәрте қабылдамаған.
Айым Сейітметова бұл шешімге күйеуінің опасыздығы себеп болғанын жеткізді.
«Физикалық түрде шөп салу - эмоционалды опасыздықтың жанында түк емес. Жігіттер, аманаттарыңызды бағалаңыздар және сүйіктілеріңізді ешқашан сатпаңыздар», - деп жазды ол.
Айымның айтуынша, бұл ол үшін өте ауыр кезең болған. Дегенмен ол қиындыққа мойымай, баласы мен өз болашағы үшін алға ұмтылуды жөн көрген.
Еске салайық, Айым Сейітметова - Қазақстанның танымал актерлері Азат Сейітметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Қазіргі таңда ол бір қыз тәрбиелеп отыр.