Журналист Анастасия Красильникова өзінің «Дочь разбойника» подкастында рэпер Оксксимирон (шын аты Мирон Федоров) кәмелетке толмаған жанкүйерлерді зорламақ болды деп айыпталған тергеу материалдарын жариялады, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.
Подкастта әртістің сексуалдық зорлық-зомбылығы туралы айтқан бірнеше қыздың әңгімелері ұсынылды.
«Творческий метод» деп аталатын жетінші маусым екі жас әйел Вера мен Вика өмірінен сыр шертеді. Олар музыкант Мирон Федоровпен 13 және 15 жасында араласа бастаған және бұл таныстық олардың өміріне қатты әсер еткен.
Tengri Life хабарлағандай, қыздардың бірі Виктория Кучак бұрынғы Тобыл қаласының тұрғыны. Ол қазір АҚШ-та тұрады.
Виктория Федоровпен 2008 жылы, 13 жасында танысқан. Олар үш жыл бойы желіде сөйлесіп, әлеуметтік желілерде хабарлама алмасты. Қыз музыкантпен қарым-қатынасын груминг (бұл ересек адамның баланы азғыру мақсатымен сеніміне ие болуы) деп атады.
Басқа да бойжеткендердің айтуынша, олар жасөспірім кезінде Мирон Федоровпен араласып, кездескен. Олардың бірі рэпермен 2008 жылы жетінші сыныпта оқып жүргенде танысқанын айтты. Ол өзінің жеке күнделігінде өзінен 10 жас үлкен Федоровқа деген сезімін егжей-тегжейлі сипаттаған.
Олардың қарым-қатынасы үш жылға рэпер концерттердің бірінен кейін оны зорлағанға дейін созылды.
Тағы бір қыз интимдік суреттерін жіберуді өтінген рэпермен хат алмасудың скриншоттарын көрсетті. Ол кезде ол тоғызыншы сыныпта оқитын.
Әртістің кәмелетке толмаған қыздармен қарым-қатынасы бірінші рет сөз болып отырған жоқ.