Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Марқайып қалсын!»: Руслан Өтепбай көпшілікке қуанышты жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)

17:29, 20 ақпан 2026

Журналист Руслан Өтепбай өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында көмекшісіне көрсеткен ілтипаты туралы бейнематериал жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Аталған бейнежазбада журналистің Ерқанат есімді көмекшісін туған күнімен құттықтап, оған соңғы үлгідегі Iphone 17 смартфонын сыйға тартқан.

Журналист өзінің құттықтау жазбасында мынадай сөздер келтірген: «Туған күніңмен, інім! Ел үшін еңбек етіп, әрдайым қасымда жүрсең, әлі талай белесті бірге бағындырамыз! Ағайын, Ерқанаттың парақшасына тіркеліп, менің атымнан туған күнімен құттықтап кетіңіздерші. Оқып, марқайып қалсын».

Журналист өз сөзінде әріптесінің болашақта да кәсіби тұрғыда қасынан табылып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін атап өтті. Сонымен қатар, автор өз оқырмандарын Ерқанаттың жеке парақшасына жазылып, ізгі тілектерін білдіруге шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар