7 жастағы қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы мәлімдеді.
2024 жылдың 26-28 сәуір аралығында Адриатика теңізінің жағасында орналасқан Албанияның Дуррес қаласында кадеттер арасындағы жылдам шахматтан (рапид және блиц) әлем чемпионаты өтті.
40-қа жуық елден келген жас шахматшылар үш жас санатында бақ сынасты.
Жарыста Қазақстанның атынан 22 жас спортшы бақ сынады. Алтын медальды рапидте сегіз жасқа дейін бақ сынаған Әлиша Бисалиева иеленді. Сондай-ақ блицтен "күміс" медаль иелеген.
Ақтөбелік Нұралы Нұршин де күміс медаль жеңіп алды. Түркістаннан Нұрислам Сұлтанхан, Ақтөбеден Ханзада Аманжол және Астанадан Әлімжан Жауынбай қола медаль иегері атанды.