Польшада 1400 дүкені бар ірі сауда орталығы өртке оранды.
Өрт сөндіру қызметі орталықтың 80 пайыздан астамы өртеніп жатқанын хабарлады. 50 топ құтқару жұмыстарымен айналысып жатыр. Оның ішінде химиялық және экологиялық құтқару мамандары да бар.
Жергілікті телеарналар таратқан кадрлардан аймақтан қою қара түтін көтерілгенін көруге болады. Билік варшавалықтарға өрт туралы ескертіп, терезелерін жауып үйден шықпауды ескертті.
Полиция зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.