Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылғаннан кейін сот оның кәмелетке толмаған бес баласының тағдырына қатысты да жеке қаулы қабылдады. Бұл туралы үкімді жариялаған судья Зарема Хамидуллина мәлімдеді, деп хабарлайды ALASH.KZ.
“Сот балалардың әрі қарайғы қамқорлығы мен орналастыру мәселесін Атырау облысының Білім басқармасына жүктеді. Сонымен қатар Қызылқоға ауданы әкімдігіне Жангелдин ауылында қаза тапқандардан қалған үйге мұрагерлік құқықты рәсімдеуді тапсырды. Бұл балалардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін қажет”, – деді судья Зарема Хамидуллина.