Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су тасқыны: қандай іс-шараларды өткізуге тыйым салынды?

09:12, 03 мамыр 2024 426

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма бергені болатын. Алайда тасқын судың кесірінен бірқатар мемлекеттік шаралар өтпейтін болды.

Өткізуге тыйым салынған іс-шаралардың тізімі: 

Астана халықаралық форумы;

Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші болып, Астана халықаралық форумынан бас тартты. Келесі форум 2025 жылы өтеді.

Қазақстан халқының бірлігі күні думаны;

Тасқынға байланысты биыл "1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні" көптеген өңірде кең ауқымда атап өтілмеді.

"Жеңіс күні" парады;

Қазақстан биыл Жеңіс парадын тек Байқоңырда ғана өткізеді. Бұл қалада Жеңіс парадын Қазақстан емес, Ресей ұйымдастырмақ.

Спорттық шаралар;

Билік көшпенділер ойнынан бас тартпайтынын жариялады. Биылғы Көшпенділер ойынына әлемнің 100 елінен өкілдер қатысады деп күтілуде. Спорттың 20 түрінен 4 мыңға жуық қатысушы сынға түсетіні хабарланды.

Ulttyq Onim көрмесі;

Ел Үкіметі Қазақстанның барлық 20 өңірін жұмылдырып, елімізде отандық өнім шығаруда қандай жетістікке жеткенін паш етпекші болған. Оған Президент те қатысады деп күтілген. "Бәйтерек" холдингі Ulttyq Onim қазақстандық өндірушілердің VIII көрмесін өткізбейтінін жариялады.

Әуе шарларының халықаралық фестивалі;

Алматы облысы Әуе шарларының халықаралық фестивалін өткізуден бас тартты. Qonaev International Balloon Festival атты халықаралық фестиваль биылғы 11-12 мамырда ұйымдастырылады деп жоспарланған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар