Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су тасқыны басталғалы бері 32 мыңға жуық бала құтқарылған

12:25, 10 сәуір 2024 391

Су тасқыны басталғалы бері 96 472 адам, оның ішінде 31 640 бала құтқарылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, уақытша орналасу пунктеріне 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала орналастырылды.

Бірлескен күштермен 8,5 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,3 млн қапшық және 1,1 млн тонна инертті материал төселді. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су бұрылды.

Айта кетейік, республика өңірлерінде су тасқынан келетін қауіп әлі сейілген жоқ. Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары Ақмола облысына келді. Ақмола облысының Жібек Жолы кентінің 6 және 7 шағын аудандарында су басу қаупі туындауы мүмкін болғандықтан, жеке құрамның 30 адамы мен 1 бірлік техникадан тұратын күштер мен құралдар жіберілді. Қаптарды төсеу және үйінді білігін нығайту бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар