Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Стелс-омикрон" штамы Қазақстанның 12 өңірінде анықталды

05:14, 10 маусым 2022 197
"Стелс-омикрон" штамы Қазақстанның 12 өңірінде анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингінің нәтижелері бойынша, коронавирус инфекциясының әртүрлі штамдарының айналымы анықталды. Барлық өңірлерде BA.1 "омикрон" штамы – 98,6 пайыз, оның ішінде 12 өңірде BA.2 "Стелс-омикрон" – 36,7 пайыз, B.1.617-Delta – 1,4 пайыз анықталды.
"ПТР скринингінің нәтижелерін растау үшін толық геномды секвенирлеу жүргізілді. Жүргізілген толық геномды секвенирлеу нәтижесі бойынша BA.2 "Стелс-омикрон" штамының – 93,8 пайыз (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары), BA.1 "Омикрон" штамының – 6,2 пайыз (Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) айналымы анықталды", - делінген хабарламада.

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына қарамастан, министрлік коронавирус инфекциясына қарсы уақтылы вакцинациядан, ревакцинациядан өтуге кеңес береді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар