Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сот Тимур Құлыбаевтың үйін бұза ала ма? Іле-Алатау ұлттық паркіндегі қонақүйді бұзуға Құлыбаевтың компаниясы қарсы

07:46, 20 желтоқсан 2023 338


Негізгі иесі кәсіпкер Тимур Құлыбаев болып саналатын "КИПРОС" ЖШС компанияны Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағындағы қонақ үйді бұзуға міндеттеген сот шешіміне түсініктеме берді. Компания бұл нысан туристік мақсатта емес, жеке мақсатта пайдаланылады деген тұжырыммен келіспеді және оны бұзу туралы шешімге қарсы деп хабарлайды alash.kz.



"КИПРОС" неге міндеттелді?




30 қарашада Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "КИПРОС" ЖШС-ға қатысты "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ-нің талап-арызы бойынша шешім шығарды:

- жер учаскесін ұзақ мерзімді пайдалану шартын бұзу туралы;

- Іле-Алатау ұлттық паркінің пайдасына учаскені қайтару жөніндегі компанияға міндет жүктеу;

- ЖШС -ны қонақ үйді өз есебінен бұзуға міндеттеді.

Компанияның мұнымен неге келіспейді?

"КИПРОС" ЖШС даулы жер учаскесінде "Южная" туристік базасы салынып, пайдалануға берілді деп мәлімдейді.
- Бұл ретте пайдалануға беру Іле-Алатау ұлттық паркінің келісімімен жүзеге асырылғанын атап өтеміз, - делінген компанияның Ulysmedia.kz.берген жауабында.

ЖШС мәлімдегендей, "туристік база мақсатқа сәйкес пайдаланылды".
- Сотқа келісім-шарттар, фотоматериалдар, әлеуметтік желілерге сілтемелер, есептер және басқа да құжаттық дәлелдемелер ұсынылды. Көшпелі отырыс өткізілді, онда процеске қатысушыларға объект жеке мақсатта коттедж үйі ретінде пайдаланылмайтынын, туристік мақсаттағы объект ретінде пайдаланылатынын көрсетті, - деп түсіндірді "КИПРОС".

Компания бізге берген ақпаратқа сәйкес, сот нысан жеке үй деген қорытындыға  прокуратура инспекторы мен саябақ маманының сөздерінен кейін келген.  Прокурор "аумаққа кіруге рұқсат берілмегенін" алға тартса,  саябақ маманы аумақта "бір апта ішінде бірде бір туристі байқамағанын" айтқан. Оған қоса аумақта жөндеуден өтіп жатқан екі қабатты үй барын хабарлаған.

- Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. ЖШС  жоғары инстанцияға шағымдану құқығын өзіне қалдырады, - деп атап өтті компанияда.

"КИПРОС" ЖШС

Компанияның негізгі иесі – Тимур Құлыбаев, осы компания арқылы оның Emdeu Group, Joint Technologies, PetroRetail, Viled Group және ҚТЖ-ға қызмет көрсететін "Қамқор Менеджмент" тобында үлестері бар. "КИПРОС" ЖШС құрылымына әскери ұшақтарды жөндеуге арналған мемлекеттік тапсырыстардың бас орындаушысы - "Қазақстандық авиациялық индустрия" кіреді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар