Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Таза Қазақстан»: Тоқаев ағаш егу науқанына қатысып, жастарға үндеу жасады (ВИДЕО)

20:09, 19 қыркүйек 2026

Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды Alash.kz.

Мемлекет басшысы жастармен және экобелсенділермен бірге Президент саябағының аумағында ағаш екті.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылармен кездесіп, еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен тазалықты сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Президент өз сөзінде игі бастамаға өз үлесін қосып жүрген белсенді жастарды нағыз отаншыл азаматтар ретінде бағалайтынын атап өтті. Оның пікірінше, туған жерге деген сүйіспеншілік әркімнің өз үйінен, ауылы мен қаласынан басталуы тиіс. Сонымен бірге Экологиялық мәдениеті жоғары ел болу Конституцияда айқындалған басты міндеттердің бірі болып табылатыны, ал өркениеттілік пен ілгерілеудің ластық пен селқостыққа еш қатысы жоқ екені баса айтылды. Мемлекет басшысы әрбір азаматтың «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі тікелей қоғамның саналы көзқарасы мен болмысына байланысты екенін жеткізді.

Айта кету керек, бүгінде еліміздің барлық өңірінде бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері республика бойынша 600-ден астам экологиялық іс-шара өтіп, оған 7 миллионға жуық адам қатысқан. Нәтижесінде 130 мың гектардан астам аумақ қоқыстан тазартылып, 1,3 миллион ағаш көшеті отырғызылды. Сондай-ақ Қазақстан азаматтары да, елімізге келген шетелдік меймандар да қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтап, заң талаптарын қатаң орындауы тиіс. Сөз соңында Мемлекет басшысы ел болашағы білімді де талапты жастардың қолында екенін айтып, жиналғандарға сәттілік пен амандық тіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар