Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасының үшінші турында Словения құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңді.
Алуа Нұрман, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева өз партияларында жеңіске жетті. Ал Бибісара Асаубаева словениялық Лаура Унукпен тең түсті.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы үш турдың үшеуінде де жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін отандастарымыз Ботсвана мен Исландия құрамаларын ұтқан.
Ал Қазақстан ерлер құрамасы үшінші турда Францияға 0,5:3,5 есебімен есе жіберді. Командаға жалғыз жарты ұпайды Максим Вашье-Лагравпен тең түскен Денис Махнев әкелді.
Ерлер құрамасы бұған дейінгі екі турда Гаити мен Нигерияны жеңген болатын.