Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарындағы жеңісінен кейінгі сезімдерімен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
ҰОҚ мәліметінше, Рината Сұлтанова жекелей уақытқа жарыста алтын медаль жеңіп алды.
"Құттықтауларыңызға көп рақмет! Жарыс, әрине, оңай болған жоқ. Өйткені бұл мен үшін де, елім үшін де аса маңызды бәсеке болды. Бірінші және екінші айналымда бірқалыпты қарқынмен жүріп, өзімді жақсы сезіндім. Ал соңғы айналымда бар күшімді салдым.
Жарыс алдында бәрі мені басты бәсекелес ретінде санады. Себебі жыл басында Азия чемпионатында жеңіске жеткен едім.
Трасса да өте қызық болды. Жолдың кей тұсы техникалық жағынан күрделі: өрлер мен еңістер бар, рульді жиі қайта ұстауға, берілістерді ауыстырып отыруға тура келді. Сондықтан бұл жарыста техникалық шеберлік те маңызды рөл атқарды.
Екі күннен кейін топтық жарыс өтеді. Онда да қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз.
Бұл медалімді жолдасыма, ұлыма және туған еліме арнағым келеді. Маған жанкүйер болып, қолдау көрсеткен баршаңызға рақмет!", - деді Азия ойындарының жеңімпазы Рината Сұлтанова.