Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуанышты хабар: Жоламан Биғабыл Азиада-2026-ның жеңімпазы атанды

13:44, 20 қыркүйек 2026

Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қазақстан құрамасының өкілі 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

ҰОҚ мәліметінше, финалдық белдесуде Жоламан Биғабыл Өзбекстан өкілі Хумоюнмирза Халимовты жеңіп, Азиада чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшы финалға дейін Тәжікстан өкілі Махсатулло Муминовтан басым түссе, жартылай финалда Индонезия спортшысы Мухаммад Жануарды 6:1 есебімен жеңді.

Бұл - Жоламан Биғабылдың Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар