Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Туристердің мазасын алып, ақша сұраған»: Базарда ән салған танымал әнші ұсталды (ВИДЕО)

22:08, 19 қыркүйек 2026

Ташкенттегі базарлардың бірінде өнер көрсетіп жүрген кәмелетке толмаған әнші Бозорбой (Жасур) ішкі істер бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Alash.kz.  

Оқиға 17 қыркүйекте сағат 17:00 шамасында Ташкенттегі «Эски Джува» базарында орын алған. Саудагерлер, келушілер мен туристерден ақша сұрап жүрген жасөспірімге кәсіпкерлер шағым түсірген. Ведомствоның мәліметінше, адамдар ақша беруден бас тартқан жағдайда ол тұрғындарға тіл тигізіп, соңынан қалмай қойған. Жасөспірім Ташкентке қонақтап барған Қазақстан азаматтарын жиі құрығына түсіретін көрінеді. Желіде Бозорбойдың қазақстандықтарға жақындап, ән айтуды ұсынып, ақша сұраған бейнежазбасы жиі жария болады. Тіпті, Қазақстан теңгесін сұрап, қазақ тілінде де сөйлегені байқалған. Құзырлы органдар жасөспірімді базар аумағындағы ішкі істер органдарының бөлмесіне жеткізіп, профилактикалық қызмет қызметкерлеріне тапсырды.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Бозорбойдың(Жасур) «Седая ночь», «Көзмоншағым» әндерін орындаған сәті түсірілген видеосы әлеуметтік желілерде кең тарап, желі қолданушылары арасында танымал болған еді. 


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар