Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қарағандыдан табылды»: Алматы облысында жоғалған 17 жасар қыз туралы күтпеген дерек шықты (ВИДЕО)

18:51, 19 қыркүйек 2026

Алматы облысында бір жарым ай бұрын ұшты-күйлі жоғалған 17 жастағы бойжеткен аман-есен табылып, ата-анасына сүйінші хабар жетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ата-анасы шырт ұйқыда жатқанда үйінен қашып кеткен жасөспірім Қарағанды қаласынан бір-ақ шыққан. Анасының айтуынша, Ясмина әкесіне өзі байланысқа шығып, жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын хабарлаған. Сонымен қатар бойжеткен Қарағандыдағы жеке балабақшалардың біріне жұмысқа орналасып үлгерген. Оның іздеуде жүргенін білген мекеме басшысы да дереу полицияға хабар берген. Еске сала кетейік, 17 жастағы кәмелетке толмаған қыз бір жарым ай бұрын үйінен шығып кетіп, оралмаған болатын. Жақындары тәртіп сақшыларына жүгініп, ауқымды іздестіру жұмыстары бастау алған еді. Өзге өңірден табылған бойжеткенге қатысты Қарағанды облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров түсініктеме берді.

«Бұрын Алматы қаласында із-түзсіз жоғалғандар санатында болған 2009 жылғы қыз табылды. Оған іздеу жарияланған, яғни Алматы полиция департаментіне хабарлама берілді. Қазір кәмелетке толмаған бойжеткен уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар