Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үстел теннисінен Қазақстан ерлер командасы Азиададағы екінші жеңісіне жетті

20:00, 20 қыркүйек 2026

Үстел теннисінен Қазақстан ерлер командасы Азиададағы екінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында үстел теннисінен ерлер арасындағы топтық кезең бәсекелері жалғасуда.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, G тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан ерлер құрамасы сапындағы Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Санжар Жұбанов екінші кездесуінде Сингапур командасын 3:1 есебімен жеңді.

Бұған дейін отандастарымыз алғашқы матчта Бангладеш құрамасын 3:0 есебімен ұтқан болатын.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін ертең Лаос командасына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, Жапонияда өтіп жатқан Азиада ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар